6 жылдық үзіліс: Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке қатынайтын рейс іске қосылды

0
174

Рейстер әр 10 күн сайын Boeing 737 ұшағымен орындалады.


6 жылдық үзіліс: Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке қатынайтын рейс іске қосылды

ERNUR.KZ. Петропавл әуежайында алты жылдық үзілістен кейін халықаралық рейстер қайта іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгіннен бастап SCAT әуе компаниясы "Петропавл – Шарм-эль-Шейх" бағыты бойынша чартерлік әуе қатынасын іске қосты. Рейстер әр 10 күн сайын Boeing 737 ұшағымен орындалады.
Халықаралық рейсті ұйымдастыру үшін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Әуежайдың инфрақұрылымы реттеліп, шекара қызметі және кедендік бақылау үшін қажетті орындар мен жабдықтар орнатылды.
"Халықаралық қатынастың қайта жандануы – бұл әуежай ғана емес, бүкіл өңір мен СҚО тұрғындары үшін де маңызды оқиға. Енді тұрғындарға демалысқа аттану үшін өзге облыстар мен әуежайларға барудың қажеті жоқ", – дейді әуежайдың атқарушы директоры Мустафа Йылтан Октем.
Еске салайық, Петропавл әуежайынан халықаралық ұшулар соңғы рет 2019 жылы орындалған болатын.
Петропавл халықаралық әуежайы "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Сенімгерлік басқару шарты 2022 жылы бес жыл мерзімге жасалған. "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" компаниясын сенімгерлік тұлға арқылы Orbis Kazakhstan тобы басқарады.