2610 метр биіктікте жыраға құлаған ер адам құтқарылды

0
150

Өтініш берушінің айтуынша, құлағаннан кейін ол ес-түссіз болған.


2610 метр биіктікте жыраға құлаған ер адам құтқарылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Алматы облысының Қарасай ауданында, Терра алаңы маңында 2610 метр биіктікте ер адам жартастан құлап, жыраға түсіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің "Барыс" тобы мен Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жіберілді. Мамандар Проходное шатқалы арқылы таулы бағытпен жаяу жеткен.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды жырадан тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ер адам құлаған кезде басын тасқа соғып, жарақат алған.

Құтқарушылар оның жағдайын тұрақтандырып, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін ол Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылып, №12 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.