«2,5 см жарақат анықталды»: Шерзат сотында прокурор мәйіттен қандай жарақат анықталғанын айтты

0
136

Прокурор Дана Сәрсенбай тергеу кезінде Шерзат Полаттың денесін тексеру кезінде қандай жарақаттар анықталғанын айтты.


«2,5 см жарақат анықталды»: Шерзат сотында прокурор мәйіттен қандай жарақат анықталғанын айтты

ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында судья істі зерделеуге көшті, деп жазады ulysmedia.kz.

«МӘЙІТТЕН 2,5 САНТИМЕТР ЖАРАҚАТ ІЗДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ»

Прокурор Дана Сәрсенбай тергеу кезінде Шерзат Полаттың денесін тексеру кезінде қандай жарақаттар анықталғанын айтты.

Мәйітті қарау барсында келесілер анықталды: мәйіт көк түсті медициналық зембілде арқасымен жатыр. Мәйіттің бойы шамамен 170-175 см. Арық денелі. Қара шашты. Тістері толық. Көздері жартылай жабық. Аяқтары мен қолдары дене бойымен тік жатыр. Мәйіттің денесінде келесі дене жарақаттары анықталды: оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары және көгерген іздер бар. Мәйіттің үстінгі ернінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында бір сантиметрді құрайтын жара бар. Мәйіттің оң қолының білек тұсында екі сантиметрді құрайтын жарақат орыны бар. Мәйіттің арқасының сол жақ қабырға тұсында 2,5 сантиметрді құрайтын өткір затпен кесілген сұғылмалы-кесілмелі жарақат іздері анықталды. Мәйітті тексеру кезінде басқа да дене жарақаттары анықталмады, – деді прокурор.

ЖАУАП БЕРУДЕГІ ҚАЙШЫЛЫҚ

Бұған дейін сотталушылардан жауап алынған. Олар өздеріне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Іс бойынша негізгі күдікті Абзал Шынасыл Шерзат Полатты өлтірмегенін, тек марқұмның ағасы Нұрқарат Ғайпбаевтың жамбасына үш рет пышақ салғанын айтқан. Беттестіру кезінде түсірілген видеода Ғайыпбаев Шерзатты бірінші болып Абзал Шынасыл пышақтады деген.

ТАЛҒАР ОҚИҒАСЫ

16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Талғар қаласындағы отбасы жалға алып отырған дүкен маңында өлтірілген. Сатып алушылардың бірімен болған жанжалдың аяғы төбелеске ұласып, Шерзат пышақ жарақатынан мерт болған. Немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев жараланған. Кейін Нұрқанат Ғайыпбаевтың да өзі де өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Бірақ марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбеген.

Оқиғадан кейін 9 адам күдікті деп танылып, қамауға алынған. Оларға «Адам өлтіу», «Қылмысқа дайындалу және оқталу», «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау», «Бұзақылық» және «Ұрлық» бабы бойынша айып тағылған.

Күдікті ретінде Абзал Шынасыл, Равиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) ұсталған.