2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі

0
126

Қазіргі уақытта еліміздің су инфрақұрылымын басқарудағы тәжірибесі мен құзыреттілігін кеңейту үшін бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.


2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Цифрландыру сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол – коммуналдық инфрақұрылымды тұрақты пайдаланудың, жүйелі басқарудың, бақылаудың және шығындарды азайтудың қажетті шарты, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Оның айтуынша, сол себепті де байланыс арналары арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға арналған телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелеріне (ТП АБЖ) және есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген.

2026-2028 жылдары 3,6 млн-нан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда, бұл су шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Отандық және халықаралық сарапшылармен бірге Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинск сынды 5 қаладағы су арналары қызметінің жұмысын бағалау жүргізілді. Оның нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды, біртұтас цифрлық шешімдерді және кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін техникалық тапсырма әзірленді. Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Мемлекет басшысысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының аясында су секторына халықаралық тәжірибе мен біліктілікті тартуды туралы міндет қойылған болатын. Осы мақсатта былтыр ірі халықаралық желілік операторлар – Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Мұндағы формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық құзіреттер мен халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта еліміздің су инфрақұрылымын басқарудағы тәжірибесі мен құзыреттілігін кеңейту үшін бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.