2026 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға журналистерді аккредиттеу басталды

0
65

Деректер arpaakma@gmail.com электронды поштасына БАҚ бірінші басшыларының ресми жауабымен 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.


2026 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға журналистерді аккредиттеу басталды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі аккредиттеу қағидаларына сәйкес, 2026 жылы өтетін баспасөз іс-шараларына қатысу үшін БАҚ өкілдерін аккредиттеуді бастады.

Аккредиттеуден өту үшін өтінішті, сондай-ақ журналистер мен теле- және радиооператорлардың деректері бар келесі құжаттар топтамасын жолдау қажет:

- аккредиттелетін журналистің жеке куәлігінің көшірмесі;

- БАҚ немесе телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган берген мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін, теле - радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

- аккредиттелетін журналистің «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.

ОКҚ-дағы қазіргі аккредиттеудыің мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Деректер arpaakma@gmail.com электронды поштасына БАҚ бірінші басшыларының ресми жауабымен 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.