2026 жылы 5 ұлттық саябақта қалдықтарды бөлек жинау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру шаралары өтеді

0
98

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде қалдықтарды бөлек жинауды және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда.


2026 жылы 5 ұлттық саябақта қалдықтарды бөлек жинау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру шаралары өтеді

ERNUR.KZ. Іс-шаралар 9 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде өткізілді. Нәтижесінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 109 контейнер мен 13 модульдік станция орнатылды, 100-ге жуық баннер және 7 фандомат орналастырылған, 700 мың биологиялық ыдырайтын пакет таратылды, үш тілде 9 бейне түсірілді. «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ брифингінде хабарлғандай, 2026 жылы осындай жұмыс тағы 5 ұлттық саябақты қамтиды.

«Астана және Жезқазған мектептерінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 3 285 контейнер орнатылды, мектеп оқушыларына экомәдениет бойынша сабақтар өткізілді. Келесі жылы бағдарлама 15 облыстағы 863 мектепті қамтиды.Өздеріңіз көріп отырғандай, кәдеге жарату төлемінің барлық ақшасы зауыттар салу, қалдықтарды сұрыптауға және қайта өңдеуге арналған жабдықтарды жаңартуға, сондай-ақ экологиялық апаттардың алдын алу және жою үшін арнайы техника сатып алу сияқты экологиялық жобаларды іске асыруға жұмсалуда», – деді спикер.

Кәдеге жарату төлемі бір реттік төлем болып табылады, ол өндірушілердің импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінің тауарларын болашақта кәдеге жарату үшін жұмсалады. Бірақ әр өнімнің пайдалы қызмет ету мерзімі бар.

Сондықтан ұйым қаражатты сақтай отырып, оларды қайтарымды негізде бүгінгі күні қажет болған жерге бағыттайды.