ҚР ТЖМ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
ERNUR.KZ. Инженерлік жұмыстардың өңірлік жоспарлары аясында су тасқынына қарсы 821 іс-шараның 760-ы іске асырылды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларымен және даму жоспарларымен 258 іс-шараның 201-і іске асырылды. Өңірлерде 831 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 1 128 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді және салынды, автомобиль және теміржол қатынастарында 934 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.
Оның айтуынша, өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде шамамен 166 шақырым тереңдету, 250 шақырым жағалауды нығайту, 221 шақырым түзету және олардың арналарын 172 шақырым тазарту жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралармен 234 елді мекеннің қорғалу деңгейі артты және 1 242 су тасқыны қаупі бар елді мекендердің 736 елді мекені үшін су басу қаупі азайтылды.
Қазір су тасқыны жағдайын бағалау үшін 130 елді мекенді қамти отырып, еліміздің 10 өңірінде 17 ұшу жүргізілді. Аэровизуалды шолу жалғасуда.
«Су тасқыны құбылыстарын барынша азайту үшін жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 5 млн текше метрден астам қар шығарды, 126 мың тонна жанар-жағармай, 374 мың тонна инертті материал, 4,5 млн қапшық дайындалды, өзендердің қауіпті учаскелерінде жарылыс жұмыстарын ұйымдастыру және азық-түлік беру бойынша шарттар жасалды. Қазірдің өзінде өзендердегі кептелістер мен мұзқұрсаудан азайту мақсатында жалпы ауданы 243 мың текше метр болатын 106 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді», – деді спикер.
Қазгидрометтің болжамын ескере отырып, негізгі ресурс тәуекелі жоғары өңірлерде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының аумақтарында шоғырланатын болады. Өткен жылмен ұқсастығы бойынша «Қазгидромет» РМК-ның болжамды деректері Су ресурстары және ирригация министрлігінің Talsim-NG бағдарламалық қамтамасыз етуі негізінде Tasqyn ақпараттық жүйелерінде су тасқыны кезеңіне ықтимал қауіптерді модельдеу бойынша жұмыс жалғасуда.


