2025 жылы Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орынға шықты

0
123

Алтын сатып алу бойынша көшбасшылар – Польша мен Бразилияның орталық банктері болды.


2025 жылы Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орынға шықты

Фото: Ru.freepik.com

ERNUR.KZ. Былтыр қараша айында республика 49 тонна алтын сатып алған. Ал Польша 80 тонна алтын сатып алып, тізімде көш бастады, деп жазады stan.kz.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қараша айында орталық банктер алтынға деген жоғары сұранысты сақтап қалды. Алайда сатып алу көлемі қазан айымен салыстырғанда төмен болды.

“Қараша айында реттеуші органдар жалпы көлемі 45 тонна алтын сатып алған. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Ұлттық банкі ең белсенді сатып алушылардың қатарында болып, 8 тонна бағалы металл сатып алып, төртінші орынға шықты”, – делінген World Gold Council деректерінде.

Алтын сатып алу бойынша көшбасшылар – Польша мен Бразилияның орталық банктері болды. Олар өз резервтерін тиісінше 12 және 11 тонна бағалы металға ұлғайтты. Сондай-ақ белсенді сатып алушылар қатарында Өзбекстан (10 тонна), Қырғызстан (2 тонна) және Чехия (2 тонна) бар. Қытай мен Индонезияның орталық банктері алтынды бір-бір тоннадан алтын сатып алды.

2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында орталық банктер 297 тонна алтын сатып алған. Ең ірі ресми сатып алушы – Польша Ұлттық банкі. Ол шамамен 95 тонна бағалы металл сатып алған. Қазақстан Ұлттық банкі 49 тоннамен екінші орында. Одан кейін Бразилия (43 тонна), Түркия (27 тонна) және Қытай (26 тонна алтын).