2024 жылы Қазақстанда 40 202 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылған. Ал биыл бұл көрсеткіш 42 098 адамға жетті.
Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Алайда, олардың жартысына жуығы – шамамен 20 мыңға жуық азамат – Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр, деп жазады inbusiness.kz.
– Конституцияның 36-бабы мен Президент Жарлығының талаптарына қарамастан, он мыңдаған азамат әскери қызметке өз еркімен келмей жатыр, – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Ведомство өкілдері заң талаптарын елемегендер жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Жаза қандай?
– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-бабына сәйкес, әскери есепте тұрған азамат шақырту кезінде дәлелді себепсіз келмесе, 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
– 648-бап бойынша, медициналық тексеруден бас тартқандарға да 5 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.
– Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, әскери қызметтен заңды негізсіз жалтарған адам 1000 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды заңды сақтап, өз борышын адал атқаруға шақырады.