Сурет: joom.com
Алда ыстық күндер, сондықтан ыстықтан қалай қорғанатынымызды қазірден ойлаған дұрыс. Салқын самалды сезінудің заманауи тәсілдерінің бірі – портативті, яғни шағын әрі автономды желдеткіштер. Бұл құрылғылардың көпшілігі жиналмалы, сондықтан оларды өзіңізбен бірге алып жүру өте ыңғайлы және сөмкеде көп орын алмайды. Мұндай вентиляторлар күнделікті қолданысқа да, жұмыста немесе жол сапарларында да таптырмас көмекші бола алады.
Иілгіш қалақшалары бар жиналмалы вентилятор
Бұл – портативті желдеткіштердің ішіндегі ең қолжетімді әрі танымал модельдердің бірі. Құрылғы екі икемді (иілгіш) қалақшамен жабдықталған, сондықтан оны пайдалану кезінде жарақат алу немесе қалақшаның сынып қалу қаупі жоқ. Жинаулы күйде өте шағын – барлық ішкі бөліктері арнайы қақпақпен жабылып, сенімді қорғалған. Аккумуляторы – 300 мАч, кіріктірілген. Өлшемі – 3×3.6×9.2 см, қалтаға да, сөмкеге де оңай сыяды. Ыстық күндерде сергек болудың қарапайым әрі стильді шешімі!
USB арқылы қосылатын иілгіш вентилятор
Бұл – желдеткіштің ең қарапайым әрі қолжетімді түрі. Құрылғы USB порты арқылы жұмыс істейді, сондықтан оны ноутбукке, телефон қуаттағышына немесе power bank-ке оңай қосуға болады. Вентилятордың иілгіш мойны силикон қаптамамен жабылған, сондықтан ауа ағынын қалаған бағытқа оңай бұруға болады. Ұзындығы — 145 мм. Жұмыс орнында жайлылықты арттырудың ең қарапайым жолы.
«Сүйкімді үйрек»
Ойыншық үйрек пішініндегі портативті желдеткішті үстелге қоюға немесе мойынға немесе иыққа алып жүруге болады. Оның үш жылдамдық режимі және реттелетін көлбеу бұрышы бар.
Жұмыс үстеліне арналған мини-вентилятор
Бұл – жұмыс орнына қоюға өте ыңғайлы, ықшам әрі қуатты жиналмалы желдеткіш. Бес қалақшасы күшті ауа ағынын қамтамасыз етеді, ал басқару батырмасы арқылы желдің үш түрлі жылдамдығының бірін таңдауға болады. Басын тігінен 40° бұруға болады, яғни ауа бағытын өзіңізге қарай ыңғайлауға мүмкіндік бар. Қуат көзі — USB порты немесе телефон зарядтағышы.
Аккумулятормен жұмыс істейтін мини-вентилятор
Шын мәнінде өте қолайлы құрылғы – мойынға тағылатын желдеткіш. Жай ғана мойныңызға тағып, қосып қоясыз, салқын ауа екі жағынан бірдей үрлейді.
Құрылғыда екі турбина бар: оң және сол жағында бір-бірден орналасқан. Бұл желдеткіш тек жайлылық сыйлап қоймай, сырттай да сәнді көрінеді. Әрқайсысы 4000 мАч болатын екі қуатты аккумулятормен жұмыс істейді. Жел екпінінің үш жылдамдығы бар. Бір толық қуатпен 16 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Жазғы серуен, саяхат, үй жұмыстары үшін таптырмас көмекші.
Жарық шам + желдеткіш
Бұл – ерекше әрі ықшам желдеткіш үлгісі, қосымша жарық шаммен жабдықталған. Негізгі қызметімен қатар, оны шағын фонарь немесе түнгі шам ретінде де қолдануға болады. Үш түрлі жел есу режимі бар. Ішкі аккумулятор қуаты – 500 мАч. Ұзындығы – 15 см, дизайны жұмыр, өткір бұрышсыз. Бір толық қуатпен 2 сағатқа дейін жұмыс істейді. Кішкентай, әдемі, сөмке немесе қалтаңызға салып жүруге өте ыңғайлы құрылғы.
Салқындатқыш әрі ылғалдандырғыш
Ауаны әрлі-берлі айналдырып, желдетіп қана қоймай, суды буландыру арқылы оны аздап ылғалдандырып, салқындататын портативті желдеткіштің ерекше және қызықты үлгісі. Құрылғы 300 мл сыйымдылығы бар шағын су ыдысымен жабдықталған. Ол арқылы өтетін ауа қоршаған орта температурасын 5-10 градусқа салқындатылуы мүмкін. Сонымен қатар, құрылғының айналасындағы ауа ылғалдандырылады. USB арқылы қуатталады.
Портативті шағын белдік желдеткіші
Comlife – белге тағуға болатын, жылдамдығы реттелетін ықшам және қуатты желдеткіш. Төзімді полимер корпусы қиын жағдайларда пайдалануға жарамды. Кірістірілген 6000 мАч батареямен 15 сағатқа дейін жұмыс істейді.
Желдеткішпен ароматерапия
Парфюмерлік бөтелке тәрізді сымсыз шағын желдеткіш айналаға ауа үрлеп қана қоймайды, сонымен қатар бөлмені жағымды хош иіспен толтыра алады. Ол үшін тек қалақшаларына эфир майын тамызу жеткілікті.
Дайындаған: Б. ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: