Ақылды киім кептіргіштер – қыста ең жақсы көмекші

0
185

Олар уақытты үнемдеп қана қоймай, киімнің сапасын сақтап, гигиеналық тазалықты қамтамасыз етеді.


Ақылды киім кептіргіштер – қыста ең жақсы көмекші

Сурет: ir-3.ozone.ru

Жауын-шашынды әрі суық күндері киім кептіру сіз үшін әлі үлкен мәселе ме? Қарапайым кіржайғышқа ілген киім-кешектер бірнеше күндеп тұруы жүйкеңізді жұқарта ма? Қыста, ылғалды маусымда және күн сәулесі жетіспеген кезде бұл мәселе сіз үшін ғана емес, әр отбасы үшін өзекті. Алайда, осындай жағдайдан құтқаратын заманауи ақылды киім кептіргіштердің түрі көбейіп жатқаны қуантады.


Launbot – кептіру мен үтіктеуді біріктірген портативті құрылғы

Енді іскер адамдар мен жиі сапарға шығатын жандар үшін киімді тез кептірумен қатар, теп-тегіс етіп үтіктеудің ыңғайлы жолы бар. Launbot атты жаңа гаджет киімді кептіру және үтіктеуді бір уақытта жүзеге асырады. Осылайша уақытты үнемдеуге әрі чемоданда орын босатуға мүмкіндік береді. Бұл құрылғы барлық киім түрлеріне жарамды.

Launbot жұмыс істеуі үшін тоқ көзіне қоссаңыз және іліп қойсаңыз болғаны. Жиынтықтағы арнайы ауа қапшықтарының бірі киімнің ішіне бекітіледі. Қапшық үрленіп, киімнің ішін ауаға толтырады. Сосын ауаны қыздыру арқылы кептіреді әрі үтіктейді. Құрылғыда ауа айналымын қамтамасыз ететін турбиналар және температураны көтеретін графенді жылытқыш қолданылады. Арнайы чип температураның шамадан тыс көтерілмеуін бақылап отырады, ал ультракүлгін шам микробтарды жояды.

Launbot жұмыс кезіндегі шу деңгейі шамамен 45 дБ, бұл кәдімгі бөлмедегі қалыпты дыбыс деңгейіне сәйкес келеді. Кептіру және тегістеу уақыты матаның түріне байланысты. Мысалы, футболка шамамен 30 минутта дайын болады. Құрылғының салмағы небәрі 600 грамм және ол XXL өлшеміне дейінгі киімдерге қолдануға жарайды.


Xiaomi Mijia Smart Clothes Dryer 1S – көпфункционалды ақылды кептіргіш

Xiaomi Mijia Smart Clothes Dryer 1S Multifunctional Version – инновациялық технологиямен жабдықталған ақылды киім кептіргіш. Бұл құрылғы функционалдылықты, тиімділікті және ақылды басқаруды біріктіріп, киім кептіру процесін жылдам, ыңғайлы әрі жайлы етеді.

Кептіргіштің максималды жүктемесі 35 кг-ға дейін. Бұл бір уақытта көп мөлшерде киім кептіруге мүмкіндік береді. Әртүрлі үрлеу режимдері, кірді дезинфекциялау функциясы және смартфон арқылы басқару мүмкіндігі оны әр үй үшін мінсіз таңдау етеді. Оның көмегімен көйлек, жейде, шалбар және басқа да киім түрлерін оңай әрі қауіпсіз кептіруге болады.


HUAQIAO – киімге жан-жақты күтім жасайтын ақылды шкаф

HUAQIAO ақылды кептіру шкафы – киім күтімінің заманауи шешімі. Алдыңғы қатарлы бумен кептіру технологиясы киім талшықтарына нәзік әсер етіп, олардың пішінінің бұзылуының, түсінің оңып кетуінің алдын алады.

Үлкен сыйымдылығының арқасында бірнеше киімді бір мезгілде кептіреді. Бір орташа отбасының бүкіл қажеттілігін толық қамтамасыз етеді деуге де болады. Тиімді ыстық ауа айналымы кептіру уақытын едәуір қысқартып, ұзақ күтуден арылтады. Сенсорлы панель мен бір батырмамен басқару жүйесі әртүрлі мата түрлеріне арналған кептіру режимдерін оңай таңдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жоғары температуралы бу арқылы терең стерилизация жүргізіліп, матадағы бактериялар тиімді түрде жойылады. Бұл отбасы денсаулығына ерекше қамқорлық. Құрылғының дыбыссыз жұмыс істеуінің арқасында түнгі уақытта да қолдануға болады. Энергия үнемдейтін технологиялар электр қуатын аз тұтынып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады. Ал сәнді түсі кез келген интерьерге оңай үйлеседі.

HUAQIAO бумен кептіргіш ақылды шкафы келесі жағдайларда таптырмас көмекші болады:

– жаңбырлы маусымда киімді тез кептіру;

– балалардың іш киімін және жеке заттарын стерильдеу;

– ішіне табиғи түбіт толтырылған сырткиімдер, жүннен тоқылған, т.с.с. сияқты күтімі қиын маталарға кәсіби күтім жасау;

– жаттығудан кейінгі терлеген киімді жылдам кептіру;

– сапардан кейін киімді тез кептіріп, багажға жинау.


TUYA смарт-кептіргіші

Бұл – ұялы телефон арқылы басқарылатын ақылды кептіргіш. Tuya қосымшасы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Раманың биіктігін 0–130 см аралығында реттеуге, төрт шығыс таяқшамен іріктелген киімдерді кептіруге болады. Төмен шу деңгейі мен 35 кг дейінгі жүктеме бұл құрылғыны үй жағдайында кеңінен қолдануға лайықтайды.


Philips SDR801XCEW/97 – ақылды кептіргіш

Күшті ауа ағынымен киімді жылдам кептіріп, ультракүлгін лампалар арқылы киімді залалсыздандырады, бектарияларды жою функцияларын қамтамасыз етеді. Wi-Fi арқылы жалғап, мобильді қосымшамен басқару мүмкіндігі бар. Бұл көбінесе үйде бола бермейтін пайдаланушылар үшін аса ыңғайлы.


Philips SDR302 – интеллектуалды кептіргіш

Автоматты түрде жоғары көтерілетін және түсірілетін балкон немесе ішкі бөлме үшін ыңғайлы платформа. Екі двигатель арқылы жұмыс істейді. Шу деңгейі төмен, жүктеме сыйымдылығы – 40 келі.


SG Dryer 8085 – дауыспен басқарылатын кептіргіш

Дауыспен басқарылатын және қашықтан басқару (пульт/APP) мүмкіндігі бар ақылды үйлерге арналған интеллектуалды үлгі. Көптеген киім түрлерін кептіруге болады. 35 келі жүктемені қолдайды.

Ақылды киім кептіргіштер – қыста, жаңбырлы күндері және қарбалас өмір салтында ең жақсы көмекші. Олар уақытты үнемдеп қана қоймай, киімнің сапасын сақтап, гигиеналық тазалықты қамтамасыз етеді. Ақылды кептіргішті алып, ылғалды күндердегі қиындықтарды артта қалдырыңыз және әрдайым құрғақ әрі жайлы күннің рақатын көріңіз.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ҚҰЛАҚҚАПТЫҢ СЫҢАРЫ ІСТЕН ШЫҚСА: себептері мен шешу жолдары