Өте дәмді әрі тойымды тағамды түскі асқа дайындап көріңіз!
Қажетті қоспалар:
- 200 гр. макарон
- 250 гр. тартылған тауық еті
- 2 дана пияз
- 4 тіс сарымсақ
- 1 дана жұмыртқа
- 2 шай қасық томат тұздығы
- 3 ас қасық өсімдік майы
- Дәміне қарай тұз, бұрыш
- 1-2 тал аскөк
Дайындалу тәсілі:
- Пияз бен сарымсақты аршып, бір-бір данасын үккіштен өткізу керек. Сосын тартылған тауық етімен араластырасыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, жұмыртқаның сары уызын салып, жақсылап араластырып аласыз.
- Дайын фарштан фрикаделькилер жасайсыз.
- Табаға өсімдік майын құйып қыздырып, фрикаделькилерді салып, 7 минуттай қуырыңыз.
- Ет қуырылып жатқанда қазанға су құйып, макаронды қайната беруге болады. Табадағы фрикаделькилер күйіп кетпес үшін екінші бетін аударып, тағы да 4-5 минуттай қуырасыз.
- Қалған бір дана пияз бен сарымсақты турап, фрикаделькилер қуырылған майға салып қуырыңыз. Сосын томат тұздығын қосып, 3 ас қасық су құйып, араластырып, 1 минуттай бұқтырыңыз.
- Піскен макарондарды дуршлагқа салып, кейіннен табадағы бұқтырылған тұздыққа салып араластыру керек. Содан соң фрикаделькилерді салып, барлығын араластырып, жай отта 1-2 минуттай бұқтырып аласыз. Дайын тағамның бетіне туралған ақжелкенді себелеп, дастарханға тарта беруге болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: