​Сиыр еті қосылған дәмді "солянка"

0
159

Тұзды сорпаның дәмі аузыңыздан кетпейді!


​Сиыр еті қосылған дәмді


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. сиыр еті
  • 100 гр. сүрленген ет
  • 100 гр. қақталған шұжық
  • 100 гр. шұжықша
  • 3 дана маринадталған қияр
  • 1 дана пияз
  • 2 ас қасық томат пастасы
  • 10 дана зәйтүн
  • 1 дана лавр жапырағы
  • 5 дана ірі қара бұрыш
  • 1 шым-шым тұз, бұрыш
  • 1 дана лимон
  • 1 бума аскөк
  • 1 л су
  • 1 ас қасық қаймақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Сиыр етін тазалап жуып, 1,5 л су құйып, отқа қойыңыз. Су қайнаған соң бетіне шыққан көпіргішін алып тастап, лавр жапырағы мен ірі қара бұрышты саласыз.
  2. Содан соң отты жай қойып, 1,5 сағаттай қайнату керек. Ал, ет піскеннен кейін сүзіп алып, орташа көлемде турайсыз.
  3. Енді пияздың қабығын аршып, текшелеп турайсыз. Содан соң табаға азырақ май құйып, қыздырып, пиязды қуырасыз. Сарғайған соң текшелеп туралған маринадталған қиярды салып, томатты қосып, орташа отта 5-7 минуттай бұқтырасыз.
  4. Қақталған шұжықты да, кішкентай шұжықшаларды да текшелеп турау керек. Содан соң қайнап тұрған сорпаға туралған етті, шұжықтарды салып, 15-20 минут жай отта қайнатылады.
  5. Солянка дайын болуға 5 минуттай уақыт қалғанда зәйтүндерді салып жібересіз.
  6. Осылайша дайындалған тағамды ыдыстарға құйып, іше беруге болады. Бетіне қаймақ салуды ұмытпаңыз.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Ең дәмді панкейктер мәзірі