​МЕРЕКЕЛІК МӘЗІР: шабдалы мен лимон қосылған ерекше десерт

0
1 207

Жаңа жыл дастарханына арнап десерт жасаңыз!


​МЕРЕКЕЛІК МӘЗІР: шабдалы мен лимон қосылған ерекше десерт


Қажетті қоспалар:

  • 25 гр. желатин
  • 80 мл сүт
  • 150 гр. йогурт
  • 150 гр. сүзбе
  • 500 гр. шабдалы
  • 100 гр. қант
  • 300 гр. қаймақ

  • Дайындау тәсілі:
  1. Ең алдымен шабдалыны турап аламыз. Текшелеп турасаңыз да болады.
  2. 25 гр. желатинді 80 мл сүтпен араластырып, көпсітіп қоямыз.
  3. Енді ыдысқа 150 гр. сүзбе мен 150 гр. йогуртты, 100 грамм қантты салып, блендермен біркелкі массаға айналғанша араластырып аламыз.
  4. Осы араласпаға 300 грамм қаймақ қосасыз. Ал, көпсіген желатинге тағы да азырақ сүт қосып, микротолқынды пешке салып, азырақ ерітіп алу керек. Желатинді де сүзбе араласпасына қосамыз.
  5. Барлығын қасықпен жақсылап араластырып, туралған шабдалыны да қоса беруге болады.
  6. Дөңгелек формаға сүзбе қосылған араласпаны салып, бетін қасықпен тегістеп шығамыз.
  7. Қалауыңызша тәтті десертті шабдалымен немесе басқа да жемістермен әсемдесеңіз болады.
  8. Форманың бетін асханалық пленкамен жауып, 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Егер десертті кешкі уақытта дайындаған болсаңыз, таңертеңге дейін тоңазытқышта қалдыруыңызға болады.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"Шайн мускат" жүзімі мен йогурттан ерекше СМУЗИ