Ақтауда газ қондырғысы орнатылған көлік жарылды

0
88

Оқиға орнына ТЖД-ның алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.


Ақтауда газ қондырғысы орнатылған көлік жарылды

Бейнеден кадрлар

ERNUR.KZ. Ақтауда 12 қарашада Hyundai Elantra өртеніп, кейін көліктегі газ баллон жабдығы жарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Маңғыстау облыстық ТЖД хабарлауынша, 27-ші шағын аудандағы өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Көлік 45 литрлік газ баллонды қондырғымен жабдықталған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба

Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ жабдығы жарылған. Тілсіз жау сағат 11:58-де толық ауыздықталды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына ТЖД-ның алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.