​Ірімшік пен еттен дайындалған дәмді котлет мәзірі

0
1 309

Котлеттің дәмді болуы құрамына қосылған ет пен майға байланысты. Сапалы етті еттартқыштан өткізіп, құйрық маймен араластыратын болсаңыз, өте дәмді котлет жасауға болады.


​Ірімшік пен еттен дайындалған дәмді котлет мәзірі


Қажетті қоспалар:

  1. 400 гр. тартылған ет
  2. 50 гр. құйрық май
  3. 50 гр. қатты ірімшік
  4. 1 шай қасық өсімдік майы
  5. 0,5 шай қасық сарымсақ ұнтағы
  6. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен құйрық майды майдалап турап аламыз.
  2. Содан ссоң ірімшікті де текшелеп турау керек. Сосын табаққа фарш, құйрық май, ірімшік, өсімдік майы мен дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, біркелкі массаға келтіреміз.
  3. Осылайша дайындалған фарштан котлеттер жасап, дайындап аламыз.
  4. Табаны отқа қойып қыздырып, өсімдік майын құйып, котлеттерді саламыз. Осылайша екі жағын да қызартып қуырамыз. Пісіп шыққан котлеттен гамбургер дайындауға немесе гарнирмен дастарханға ұсынуға болады. Гамбургерге қияр, салат жапырағы мен кетчуп, майонез қосуға болады. Сонда өте дәмді гамбургер шығары сөзсіз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Екінші тағам орнына жеуге болатын тойымды құймақтар