Панкейктер таңғы асқа таптырмас тағам болады. Мұндай американдық және жапондық тәсілдермен дайындалатын құймақтарды пісіру де қиын емес. Панкейктерді әсіресе балалар қатты жақсы көреді. Дәмді әрі тәтті құймақтарды жемес бұрын, пісіріп көру керек!
Сүттен дайындалған панкейк
Қажетті қоспалар:
- 2 дана жұмыртқа
- 200 мл сүт
- 10 ас қасық ұн
- 1 шай қасық қамыр қопсытқыш
- 2 ас қасық қант
- Ванильді қант
Дайындалу тәсілі:
Екі дана жұмыртқа мен сүтті араластырып алыңыз. Сосын осы араласпаға 2 ас қасық қант пен ванилинді қосып, блендермен жақсылап араластыру керек.
Кейіннен ұн салып, қамыр қопсытқышты қосып, жақсылап араластырасыз.
Барлығын араластырғанда, қою қамыр шығуы керек.
Табаны отқа қойып қыздырып, құрғақ табаға бір ас қасық құйып, қақпағын жауып қойыңыз. Панкейктерді дәл осылай орташа отта пісіріңіз. Екінші бетін аударып, табаның қақпағын жауып қойыңыз.
Піскен панкейктерді бірінің үстіне бірін қойып, бетіне ттосап немесе бал құйып, дастарханға ұсына беруге болады.
Лимон шырыны қосылған панкейктер
Қажетті қоспалар:
- 2 дана жұмыртқа
- 25 мл сүт
- 50 гр. ұн
- 0,5 шай қасық қамыр қопсытқыш
- 40 гр. қант
- 1 шым-шым тұз
- 1 шай қасық лимон шырыны
- 1 шай қасық өсімдік майы
Дайындалу тәсілі:
Ең алдымен ұн мен қамыр қопсытқышты араластырып аламыз. Содан соң жұмыртқаның ақ уызы мен сары уызын бөліп алып, сары уызы мен сүтті араластырамыз.
Осы араласпаға аз-аздан ұнды сала отырып, жайлап араластыру керек. Ешқандай түйіршік қалмауы керек.
Бөлек ыдысқа жұмыртқаның ақ уызы мен тұз, лимон шырынын қосып, 2-3 минуттай миксерлейсіз. Көпіршіген ақ уызға қантты салып, тағы да миксерлер жібереміз. Осылайша миксерленген жұмыртқаның ақ уызын ұнға аз-аздан қосамыз. Қамырды астынан үстіне қарай араластыра отырып, қозғаймыз.
Енді табаны қыздырып, май жағып, отты жай қойыңыз. Содан соң қасықпен 2 ас қасықтан панкейктерді құйып, айналасына 1-2 шай қасық су құйып, қақпағын жауып қоямыз. Панкейктердің екінші бетін аударып, бұл бетін де дәл осылай пісіреміз. Панкейктер дайын! Бетіне бал немесе тосап құйып, жей беруге болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: