ДӘМДІ МӘЗІР: Ірімшік салынған шелпек-нан

0
860

Мұндай шелпекті жеп көрген де боларсыз. Алайда жасалу жолымен таныс емессіз, солай ма?


ДӘМДІ МӘЗІР: Ірімшік салынған шелпек-нан

Өте дәмді әрі ерекше шелпек-нандарды дайындау оп-оңай! Жұмсақ қамыр илей алсаңыз болғаны. Ыстық шелпекті әдеттегіден өзгеше етіп пісіргіңіз келсе, дәл осы мәзірлерді пайдалансаңыз болады.


Қажетті қоспалар: Қамырына:

  • 300 гр. ұн
  • 250 мл айран
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 ас қасық өсімдік майы
  • 1 шай қасық тұз
  • 1 шай қасық қант
  • 1 шай қасық ас содасы
  • Салмасына:
  • 250 гр. қатты ірімшік
  • 150 гр. сүзбе
  • 1 дана жұмыртқа

Дайындалау тәсілі:

  1. Табаққа айран, жұмыртқа, тұз, қант, өсімдік майын салып, барлығын араластырып аламыз. Барлық қоспалардың бөлме температурасында болғаны дұрыс.
  2. Ас содасы мен ұнды електен өткізіп алып, жаңағы араласпаға саламыз.
  3. Осылайша барлығын араластырып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды орап, 10 минутқа қалдырамыз.
  4. Осы уақыт аралығында салмамызды дайындап алсақ болады. Ол үшін ірімшікті үккіштен өткізіп, сүзбе мен жұмыртқаны қосып, жақсылап араластыру керек.
  5. Біраз тынған қамырды 5-6 бөлікке бөліп, әр қайсысын жеке-жеке жаямыз. Қамырдың мөлшері табадан үлкен болып кетпесін. Енді ортасына салманы салып, қамырдың жан-жағын жинаңыз да, арғы бетін аударып, сәл ғана жайып жібереміз.
  6. Содан соң қамырдың тағы бір аунатып, екінші бетін де жаямыз. Қамырдың жыртылып кетуі мүмкін, сондықтан абайлап жайған дұрыс. Осылайша дайын болған нандарды табаға салып, екі жағын қызарта пісіреміз. Табаны майлауды ұмытпау керек.


Картоп пен ірімшік қосылған шелпек-нан

Қажетті қоспалар:

  • 250 мл айран
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • 0,5 шай қасық тұз
  • 300 гр. ұн
  • Салмасына:
  • 2 дана картоп
  • 250 гр. ірімшік
  • Дәміне қарай тұз

Дайындалу тәсілі:

  1. Картоптың қабығын аршап, екіге бөліңіз де, тұзды суға салып қайнатыңыз. 25-30 минутта картоп та дайын болады.
  2. Ірімшікті үккіштен өткізіп, ыстық картоппен араластыру керек. Салманы осылай дайындап алыңыз да, бір шетке қоя тұрыңыз.
  3. Енді нанның қамырын дайындайық. Жылы айранға ас содасын салып, араластырамыз. 10 минуттан кейін ас содасы көпіршіп шыға келеді. Сонда тұз салып, ұн қосып, барлығын араластырып аламыз. Егер ұн қажет болса, тағы да қосуға болады. Жұмсақ қамырды пленкамен орап, 30 минутқа қалдырамыз.
  4. Осы уақыт өткеннен кейін қамырды бірнеше бөлікке бөліп, жұқа етіп жаю керек. Содан соң салмасын салып, жан-жағын жинаймыз. Енді қамырды жайып шығамыз.
  5. Құрғақ табаны қыздырып, шелпекті салып пісіреміз. Бір жағы қызарған кезде, екінші бетін аударып, пісіруді жалғастырамыз. Ыстық шелпектердің бетіне сары май жағып, дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Картоп пен көк пияз қосылған пісірме