60 жастағы ер адам өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі бүлдірген.
Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнебақылау құрылғысын қасақана сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған қала тұрғыны анықталды.
Оқиға «Жаңа Шаһар» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 60 жастағы Константин Силагин өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі бүлдірген. Нәтижесінде қоғамдық мүлікке материалдық залал келтірілген.
Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция ескертеді: қоғамдық қауіпсіздікке арналған құрылғыларды бүлдіру – қоғам мүддесіне зиян келтіру. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және заң аясында қатаң жауапкершілік көзделген.


