Зардап шеккендер бар.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде жарылыс болды, деп жазады inform.kz.
Оқиға салдарынан кафенің жапсарлас салынған құрылымы опырылып, артынша өрт шықты. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезе құрылымдары зақымданды.
Оқиға орнына Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетті. Өрт сағат 10:53–те толық сөндірілді.
— Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайды жою жұмыстарына ТЖД-ның 45 жеке құрам қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жүр. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.


