​Балық пен картоптан дәмді котлет әзірлеуге болады

0
210

Ерекше котлетті өз қолыңызбен дайындаңыз!


​Балық пен картоптан дәмді котлет әзірлеуге болады


Қажетті қоспалар:

  • 400 гр. барық
  • 140 гр. картоп
  • 1 дана жұмыртқа
  • 60 гр. ұнтақталған нан
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 60 гр. ұн
  • 30 мл өсімдік майы


Дайындалу тәсілі:

  1. Балықтың дайын тартылған етін сатып алсаңыз да, өз қолыңызбен дайындасаңыз да болады.
  2. Қазанға су құйып, картопты салып, қайнатамыз. Тұз қосып, 20-25 минуттай қайнату керек. Картоп піскен соң сүзіп алып, картоптан езбе жасаймыз. Суытып қоямыз.
  3. Содан соң картоп езбесі мен тартылған балық етін, жұмыртқаны қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  4. Фаршқа тұз, бұрыш, ұнтақталған нан қосып, тағы бір араластырамыз. Осылай жақсылап араласқан фаршты 15 минутқа қалдырамыз. Кейіннен фаршты жақсылап ұрғылау керек. Ол үшін қолыңызбен фаршты алып, қайтадан табаққа ұрғылап тастайсыз. Бірнеше рет осылай жасасаңыз, фарштың дәмі кіре түседі.
  5. Дайын фаршты бірнеше бөлікке бөліп, котлеттер жасап шығамыз.
  6. Енді котлеттерді ұнға аунатып, қызып тұрған майға салып қуырамыз. Котлеттердің бір беті қызарса, екінші бетін аударып, қызарғанша қуыру керек. Мәне, котлеттер де дайын!


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Шұжықтан палау дайындап көрдіңіз бе?