Көлік салонын ылғал сулықпен сүртуге болмайды

0
95


Көлік салонын ылғал сулықпен сүртуге болмайды

Сурет: kep.cdn.indexvas.hu

Көптеген көлік жүргізушілері салондағы шаң мен кірді дымқыл немесе спиртті сулықпен сүртеді. Бірақ мұндай құралдар интерьер элементтеріне қаншалықты зиян келтіретінін білмей жатады.

Спиртті немесе дымқыл сулықтардың құрамында әртүрлі консерванттар болады. Ал антибактериалды сулықтарда метилизотиазолин мен изопропил спирті бар. Дәл осындай компоненттері көлік салонының материалдарына қандай да бір зиянды салдарын қалдырады.

  • Дымқыл сулықтардың құрамындағы заттар бактериялар мен саңырауқұлақтар үшін қолайлы орта болып табылады. Олар кейін салон жабындарының тесіктеріне еніп, оны бұза бастайды. Сондықтан осындай құралдармен жиі сүртілетін беттерде уақыт өте келе жарықтар пайда болады.
  • Сулықтар жасалған материал табиғи тері немесе былғарыға ұқсас материалдан жасалған қаптамалардың бетін тырнап тастауы мүмкін. Ал құрамындағы химиялық заттар қорғаныс қабатын бұзады.
  • Сондай-ақ көлік салонына күтім жасағанда кейбір тұрмыстық немесе агрессивті тазалық құралдарын да қолдануға болмайды. Себебі олар да материалдарға (пластик, былғары, винил, мата) зиян келтіруі мүмкін.


1. Хлорлы және ағартқыш құралдар (мысалы, «Белизна»)

Мата мен былғарының түсін ағартып жібереді. Жабындарды күйдіріп, сызаттар түсіруі мүмкін.


2. Ыдыс жууға арналған құралдар (мысалы, Fairy)

Майды жақсы кетірсе де, құрамындағы күшті ПАВ (беткі-белсенді заттар) материалды құрғатып, жарылып кетуіне әкеледі. Тағы бір зиянды әсері — бояу мен қорғаныс қабатын кетіруі мүмкін.


3. Шыны жууға арналған құралдар (әсіресе құрамында аммиак барлары)

Аммиак тері мен пластикке әсер етіп, беткі қабатын бұзады. Жылтырлығы кетіп, күңгірттеніп, күю іздері қалуы мүмкін.


4. Тұрмыстық май кетіргіштер (мысалы, Domestos, Cillit Bang)

Қатты агрессивті, сондықтан пластик пен винилге зиян келтіреді. Беткі қабаты ісініп, қабыршақтанып түсіп қалуы мүмкін.

Сурет: rms5.kufar.by

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мамандар көлік салонын жуып-сүрту, күтім жасау үшін арнайы автокөлікке арналған құралдарды ғана пайдалануға кеңес береді.

Қауіпсіз баламалар:

  • Автомобильге арналған арнайы ішкі тазалық құралдары (Cockpit spray, leather conditioner, microfiber cleaner т.б.)
  • Микрофибра шүберек + жылы су (қажет болса, бейтарап рН сабынмен)
  • Табиғи былғарыға — арнайы кондиционерлер мен қорғағыштар

Көлік салоны – нәзік өңделген жабындардан тұратын кеңістік, сондықтан оған тек арнайы автокөлікке арналған тазалық құралдарын қолданған дұрыс. Бұл материалдардың ұзақ уақыт бойы сақталуына, жарықтар мен дақтардың пайда болмауына көмектеседі.

Дайындаған: Б. Ерман,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Бұзылған көлікті сүйремес бұрын, салмағын біліңіз