Әйелдерге қарағанда ЕРЛЕР жол апатына ЖИІ ТҮСЕДІ

0
2 257

Автокөлік жайлы сіз білмейтін деректер.


Әйелдерге қарағанда ЕРЛЕР жол апатына ЖИІ ТҮСЕДІ

Автокөлік – адамзат әлеміндегі ең маңызды өнертабыстардың бірі. Біз көліксіз саяхатты, жол жүруді, табиғатқа шығуды, жалпы өмір сүруді елестете алмаймыз. Сондықтан қазір көптеген адамдар үшін автомобиль сән-салтанат белгісі емес, таптырмас көлік құралы болып саналады. Бірақ, біз автомобильдің аумалы-төкпелі тарихына қатысты не білеміз? Автокөлік тарихында қандай ерекше оқиғалар орын алды? Бұл сұрақтардың жауабына жауап беріп көрелік.


● Алғашқы көліктерде руль болған жоқ. Оларды жүргізушілер рычагтар арқылы басқарды. Сәйкесінше кейбір адамдар көлік тұтқаларын «ұнтақтағыштар» деп атаған. Бұл қазіргі ойын консольдеріне ұқсас болған.

● 1902 жылы Огайо штатының Дейтон қаласында Гарри Маерске жылдамдықты арттыру бойынша алғашқы айыппұл салынған.

● 1916 жылы әлемдік нарықтағы автомобильдердің 55%-ын Фордтың "T моделі" иеленді. Бұл рекордты осы уақытқа дейін ешкім бұза алмады.

● Алғашқы газ сенсоры 1922 жылы пайда болды.

● Машиналарға арналған 173 өнертабысты әйелдер ойлап тапқан. Олардың ішінде көлік қозғалтқышының стартері мен карбюраторы бар.

● 1929 жылы салмағы 12 келі болатын алғашқы Blaupunkt Avto super 5 автомобиль радиосы ойлап табылды.

● Апаттан кезіндегі қауіпсіздік жастығы 40 миллисекундтан кейін үрлене бастайды.

● Ferrari күн сайын ең көбі 14 көлік шығарады.

● Еуропаның көлік ең көп жүретін жолдары Люксембургте. Онда орташа есеппен 1000 адамға 570 көлік тіркелген. Салыстырмалы түрде алар болсақ, Мәскеуде мың адамға 350 көліктен келеді екен.

● Бензинмен жүретін көліктерге арналған алғашқы жарыс 1895 жылы Чикагода өтті. Жол Чикагодан Эванстонға дейін созылды. Жарыстың жеңімпазы Дж. Фрэнк Дериеа, оның орташа жылдамдығы сағатына 115 шақырым болған.

● Автокөлік – тұтынушылық өнімдер қатарына жатады және оның қайталама шикізаты бүгінде ең көп өңделетіндер арасында бар.

● Гонконг – жан басына шаққандағы Rolls-Royce көлігі ең көп қала.

● Орташа алғанда, адам өмірінің 2 аптасын бағдаршамдағы жарықтың өзгеруін күтумен өткізеді.

● Әлемдегі ең кең жол - Бразилиядағы монументалды Ось, ол 160 көлікке жақын жүруге мүмкіндік береді. Жолдың ені – 250 метр.

● Автокөлік жүргізушілерінің 90 пайызы рульде ән айтатынын мойындайды.

● Статистикада ер жүргізушілердің жол апатына ұшырау ықтималдығы әйел жүргізушілерге қарағанда екі есе жоғары екендігі айтылған.

● Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу арқылы сіз апат мүмкіндігін 400 пайызға арттырасыз.

● Лондон таксилерінің биік шатыры өткен ғасырлардағы ерлердің сәнді бас киімдерін зақымдамау үшін жасалған.

● PEUGEOT компаниясы 1978 жылы Chrysler-дің барлық еуропалық эксплуатациясын сатып алғанда американдықтарға тек 1 доллар төлеген.

● 1924 жылы Ford маркалы көліктің құны 265 долларды құраған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАЙҚАҢЫЗ: Көлік жүргізгенде жануарды соғып кетуден сақтайтын кеңестер


Қар жауып тұрған кезде көлікті ҚАЛАЙ БАСҚАРУ КЕРЕК?