Қазіргі уақытта 17 жастағы жасөспірім ұсталды.
ERNUR.KZ. Испанияда 17 жастағы жасөспірім жасанды интеллект көмегімен сыныптас қыздарының жалған жалаңаш суреттерін жасап, оларды әлеуметтік желіде таратқан, деп жазады baq.kz.
Оқиға Валенсия аймағындағы болған.
Полицияның мәліметінше, 16 оқушы қыз өздерінің суреттері өңделіп, жалаңаш күйде әлеуметтік желілер мен интернет платформаларда таралғанына шағымданған. Суреттердің барлығы жасанды интеллект арқылы өңделгені анықталған.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, желтоқсан айында бір жасөспірім қыз полицияға арыз түсірген. Ол өзінің атымен әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашылып, сонда өзі туралы “түгелдей жалаңаш” болып көрінетін deepfake фотосуреттер мен бейнелер жарияланғанын айтқан.
Бұл аккаунтта түрлі кәмелетке толмаған адамдардың фотосуреттері жарияланған. Барлық суреттер бастапқы фотолардан жасанды интеллект арқылы өңделіп, адамдар жалаңаш күйде көрінетіндей етіп өзгертілген”, – делінген Испанияның Азаматтық гвардиясы таратқан ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Оған қатысты "кәмелетке толмағандарды азғындату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар, құқық қорғаушылар суреттердің қалай таратылғанын, қандай мақсатта пайдаланылғанын да зерттеуде. Кей деректерге қарағанда, ол суреттерді сату әрекеті де болған.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Испания үкіметі келісімсіз жасалған AI негізіндегі жыныстық сипаттағы deepfake контентті қылмыс деп тану туралы заң жобасын ұсынған болатын. Дегенмен, ол құжат әлі парламентте қаралып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін жасанды интеллектінің балаларға арналған нұсқасы іске қосылатыны хабарланған.