Жезқазғанда АН-12 ұшағы апатты жағдайда қонды

0
93

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.


Жезқазғанда АН-12 ұшағы апатты жағдайда қонды

Sputnik / Алексей Даничев

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жезқазғанда әскери ұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады sputnik.kz.
"Жезқазған Эйр" АҚ мәліметінше, оқиға 10 шілде күні болған.
"Жезқазған қаласы әуежайының аумағында АН-12 әуе кемесіне қатысты авиациялық оқиға тіркелді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты кейбір әуе тасымалдаушылар рейстер кестесіне өзгеріс енгізуі мүмкін. Жолаушыларға рейстердің мәртебесін өз әуе компанияларынан нақтылау ұсынылады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ әуежай әкімшілігі жағдай бақылауда екенін және барлық уәкілетті қызметтермен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
АН-12 – 1950 жылдардың соңында Антонов атындағы конструкторлық бюрода жасалған кеңестік төрт қозғалтқышты турбовинтті әскери-көлік ұшағы. Бұл әуе кемесі жүк, техника және жолаушылар тасымалдауға арналған.