Ақмола облысында бір күнде 2 адам қаза тапты

0
82

Қазір екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ақмола облысында бір күнде 2 адам қаза тапты

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Зеренді және Целиноград аудандарында екі адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

– Алдын ала мәлімет бойынша Зеренді ауданында дала жұмыстарын жүргізу кезінде Еленовка ауылының 46 жастағы тұрғыны қайтыс болған. Ал Целиноград ауданында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны электр тогының соғуынан қаза тапты, – деп хабарлады ведомство.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.

Белгілі болғандай, Зеренді ауданында көз жұмған ер адам шөп тайлайтын престің механизміне қысылып қалған.