Жер сілкінісінен кейін Камчатканың бір бөлігі шамамен 2 метрге жылжыды

0
92

30 шілдеде болған жер сілкінісі нәтижесінде ең үлкен жер қозғалысы түбектің оңтүстік бөлігінде тіркелді.


Жер сілкінісінен кейін Камчатканың бір бөлігі шамамен 2 метрге жылжыды

Фото: Сергей Фадеичев/ ТАСС

ERNUR.KZ. 30 шілдеде болған күшті жер сілкінісінен кейін Камчатка түбегінің оңтүстік бөлігі оңтүстік-шығысқа қарай 2 метрге жуық жылжыды, деп жазады inform.kz.

– Геодинамикалық зерттеулерден алынған мәліметтер негізінде алдын ала есептеу жүргізілді. Камчатканың оңтүстік-шығысқа қарай жылжығаны белгілі болды. 30 шілдеде болған жер сілкінісі нәтижесінде ең үлкен жер қозғалысы түбектің оңтүстік бөлігінде тіркелді. Осы сәтте олар шамамен 2 метрге жетті. Оны 2011 жылы Жапонияның Тохоку аймағындағы жер сілкінісінен кейін болған көлденең жылжулармен салыстыруға болады, - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Федералды зерттеу орталығына қарасты Камчатка филиалы Петропавл станцияларының ығысуы соншалықты маңызды емес екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Петропавл-Камчатский қаласынан 99 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Одан кейін Камчаткада болған жер сілкінісінің магнитудасы әртүрлі бағалар бойынша 8,7-ге жеткенін хабарладық.