Жер маңынан қауіпті астероид ұшып өтті

0
118

Астероид Жердің гравитациялық өрісі басым аймақтан ұшып өткеніне қарамастан, оны планетаның «ұстап қалу» ықтималдығы тым төмен.


Жер маңынан қауіпті астероид ұшып өтті

ERNUR.KZ. Диаметрі 53 метр болатын 2025 PM атты қауіпті болуы мүмкін астероид бүгін, 17 тамызда Жерге жақын қашықтықтан өтті, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:03-те ол Жерден шамамен 1 миллион шақырым қашықтықта сырғып өткен.

“ Жылдың ең ірі жақындасуы (немесе соған жуық ең ірісі) қыркүйектің екінші жартысында күтіледі: сол кезде шамамен осындай қашықтықтан диаметрі 200 метрге жуық 2025 FA22 астероиды өтеді “, – деп нақтылады зертхана мамандары.

Ғалымдардың айтуынша, планетамен әдеттегіден анағұрлым жақын қашықтықтан ұшуына байланысты ол «потенциалды қауіпті астероидтар» қатарына енгізілген. Бұл санатқа Жерге Ай орбитасының 10 диаметрінен жақын өтетін ғарыш денелері кіреді. Соңғы уақытта мұндай ірі астероидтың Жерден 1 миллион шақырымға жуық қашықтықтан өтуі сирек құбылыс. Бұдан да үлкен көлемдегі астероидтың осыған ұқсас қашықтықтан өтуі биыл тағы бір рет қана күтіліп отыр.

“ Астероид биыл 1 тамызда ғана анықталды. Ол кометаға тән қасиеттерге ие емес, яғни ұшпа заттардан айырылған тас кесекке көбірек ұқсайды. Дегенмен ол әлі толық зерттелген жоқ. Бұл аспан денесі – Аполлондар тобына жатады. Яғни орбитасы Жер орбитасын сыртқы жағынан қиып өтетін околоземдік астероид. Оның Күнді бір айналып шығу кезеңі шамамен екі жылдан сәл асады , – дейді мамандар.

Астероид Жердің гравитациялық өрісі басым аймақтан ұшып өткеніне қарамастан, оны планетаның «ұстап қалу» ықтималдығы тым төмен. Бұл тек басқа бір ғарыштық денемен күтпеген соқтығысу нәтижесінде орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның қозғалыс жылдамдығы күрт төмендеп, Жерге тартылып қалуы немесе керісінше бағыты өзгеріп, Жерге қарай бұрылуы ықтимал.

Айта кетерлігі, дәл осындай көлемдегі метеориттің Жерге құлағаны шамамен 50 мың жыл бұрын болған. Ол АҚШ аумағында орналасқан әйгілі Аризонадағы Бэрринджер кратерінің пайда болуына себепші болған.