​Жапонияда жылан пойыздар қозғалысын екі сағатқа тоқтатты

0
136

Ұзындығы бір метр жылан электр тарату желісіне оралып, оны тұйықтап алған.


​Жапонияда жылан пойыздар қозғалысын екі сағатқа тоқтатты

Фото: nippon.com

ERNUR.KZ. Жапониядағы Токио мен Осака арасында адам ең көп жүретін «Синкансэн» желісінде жүрдек пойыздар қозғалысы электр сымдарына жылан оралып қалуы салдарынан біраз уақытқа тоқтап қалды, деп жазады inform.kz.

Ұзындығы бір метр жылан электр тарату желісіне оралып, оны тұйықтап алған. Хабарламаларға сәйкес, бағанаға бауырымен жорғалап шыққан ол сымдармен өтпек болып өлген.

Оқиға «Майбара» мен «Гифу-Хасима» стансалары арасында сәрсенбі күні кешкі сағат 17 шамасында болған, деп хабарлайды Кyodo.
Жолаушылардың айтуынша, пойыздарда электр жарығы, оның ішінде шамдар мен кондиционерлер жұмыс істеді, бірақ пойыздардың өзі жүрмеген.
Kyodo жазғандай, Токио стансаларының билет сататын автоматтарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Пойыз қозғалысы кешкі сағат 19.00 шамасында қалпына келтірілді. Жапонияда бірден төрт ұлттық мерекені біріктіретін Алтын апта өтіп жатыр, осыған байланысты әуежайлар, вокзалдар және басқа да көлік тораптары ерекше күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді.
«Синкансэн» — Жапонияда жоғары жылдамдықты теміржол желісі. Токио мен Осака арасындағы алғашқы желі 1964 жылы 1 қазанда Жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ашылды.