Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінің астынан құпия өткелдер табылды

0
294

Шетелдік БАҚ-та суреттер пайда болды.


Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінің астынан құпия өткелдер табылды

Фото: euronews.com

ERNUR.KZ. Ыстанбұл қаласындағы Айя-София мешітіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жер асты туннельдерінің желісі табылды. Олардың ұзындығы жарты шақырымға жуықтайды. Бұл туралы Euronews жазды, деп жазады inbusiness.kz.

Тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары кезінде алты жерасты бөлмесі, тоғыз туннель табылған. Басылымның мәліметінше, олардың кейбірі VI ғасырдан да ерте кезеңге жатуы мүмкін. Осы уақытқа дейін 420 метр жерасты туннельдері тазартылды.

Түркияның CNN Türk телеарнасы ғасырлар бойы топырақ пен өзге де материалдардың астында жатқан аумақтардағы жерасты галереялары мен жүргізіліп жатқан жұмыстардың кадрларын алғаш рет көрсетті, деп жазады Euronews.

Түркия билігі жариялаған деректерге сәйкес, ескерткіштің екі учаскесінен, атап айтқанда, Уәзір бағы мен батыс бақ тарихи мешітті күтіп-ұстау және қалпына келтіру жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі саналады.

Ыстанбұлдағы Айя-София мешіті – Византия мен Осман сәулет өнерінің әйгілі ескерткіші. 2020 жылы қайтадан мешіт мәртебесін алды.