Бұл шешім зиянкестер мен кеміргіштердің көбеюімен байланысты.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Ыстамбұлда саябақтарда, мектептерде, ауруханаларда, әуежайларда және мешіттерде көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды, деп жазады zakon.kz.
EN. HABERLER мәліметінше, бұл шешім зиянкестер мен кеміргіштердің көбеюімен байланысты. Жаңа ереженің мақсаты – барша адамдар үшін қауіп-қатерді азайту.
Қалалық билік пікірінше, иттерге берілетін тамақ:
Жарнама
- Қоқыс көлемін арттырады;
- Экологияға кері әсер етеді;
- Адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Дегенмен бұл тыйымның тек көп жиналатын орындарда "бақыланбайтын" тамақтандыруға қатысты екені, жануарларға көмектесу толықтай тоқтатылмайтындығы атап өтілді.


