Сот «Леста» компаниясының қызметіне тыйым салды.
Фото: Wargaming
ERNUR.KZ. Бұл бейнеойын шығарушыны экстремистер мен лаңкестер тізіліміне енгізуге негіз болды, деп жазады inform.kz.
Мәскеудің Таганский аудандық соты «Танктер әлемі» және «Кемелер әлемі» компьютерлік ойындарын шығарушы «Леста» компаниясының қызметіне тыйым салып, оның активтерін Ресейдің пайдасына айналдырды. Бұл бейнеойын шығарушымен байланысты сот шешіміне қатысты алғашқы оқиға, деп жазды ТАСС.
«Леста» — посткеңестік Ресейдегі ең көне бейнестудия. 2011 жылы ұйым World of Tanks және World of Battleships ойындарын жасап шығару үшін Wargaming-пен бірікті. Алайда 2022 жылы бұл екі компания бөлініп кетті.
Wargaming Украинаны, ал «Леста» Ресейді қолдайтынын жариялады. Осыған байланысты «Леста» ойындарын ресейлік серверлерде шығара бастады.
Бұған дейін Бас прокуратура Ресей мүддесі үшін компания иелері Виктор Кислый мен Мәлік Хатажаевқа, сондай-ақ «Леста» ЖШС мен «Леста геймс эдженси» ЖШС Украина қарулы күштеріне қолдау көрсету түріндегі экстремистік әрекетіне байланысты осы бірлестіктердің қызметіне тыйым салу туралы талап-арыз берген болатын.
Бас прокуратураның талаптары компанияның гонконгтық оффшорына байланысты болды, одан Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін қаражат аударылған, деп нақтылады құқық қорғау органдары ТАСС агенттігіне.