Вирусқа қарсы вакцинация басталды

0
107

ДДСҰ алғашқы 400 доза «Эрвебо» вакцинасын жеткізгенін, ал қалғаны кейін әкелінетінін мәлімдеді.


Вирусқа қарсы вакцинация басталды

ERNUR.KZ. Конгоның Касаи провинциясында Эболаға қарсы вакцинация салынып жатыр, деп жазады baq.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігінде орналасқан Касаи провинциясында Эбола вирусына қарсы вакцинация басталғанын хабарлады. Вакцина ең алдымен вирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар мен алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне салынып жатыр.

Аса қауіпті індеттің өршуі осы айдың басында Касаи провинциясының Булапе аймағында тіркелген болатын. Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, індет салдарынан кемінде 16 адам қайтыс болып, 68 күдікті жағдай анықталған.

ДДСҰ алғашқы 400 доза «Эрвебо» вакцинасын жеткізгенін, ал қалғаны кейін әкелінетінін мәлімдеді. Алайда аймақтағы қолжетімсіздік пен қаржы тапшылығы жұмыстарды күрделендіріп отыр.

Ұйымның айтуынша, вакцинация жалғасады. Себебі Халықаралық үйлестіру тобы шамамен 45 мың қосымша дозаға рұқсат берген. Бұл елде қазірдің өзінде бар 2 мың доза қорын толықтырады.