Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау басталды

0
180

Енді кардиналдарға сыртқы әлеммен кез келген байланыс жасауға тыйым салынды.


Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау басталды

Фото: Canva / Kazinform

ERNUR.KZ. Конклавқа қатысқан 133 кардинал Сикстин капелласына дейін cап түзеп жүріп өтіп, онда жаңа понтификті сайлау барысында не болатынын құпия сақтауға ант берді, деп жазады inform.kz.

Осыдан кейін бөтен адамдар Сикстин капелласынан шығарылып, есіктер жабылды — «extra omnes» («бәрі шықсын») деген сөз айтылған сәт конклавтың ресми басталғанын білдірді.

Енді кардиналдарға сыртқы әлеммен кез келген байланыс жасауға тыйым салынды. Алдағы уақытта бірінші дауыс беру кезеңі өтеді, содан кейін Сикстин капелласындағы мұржадан түтін көтеріледі (дауыс беру бюллетеньдері пеште өртеледі).
Ақ түтін — жаңа Папа сайланғанын, ал қара түтін — сайлау жалғасып жатқанын білдіреді.