Ватиканда Рим папасының инаугурациясы басталды

0
257

Рим билігінің алдын-ала есептеулеріне сәйкес, алаңға жиналған туристер мен жергілікті тұрғындар саны 250 мың адамға жетуі мүмкін.


Ватиканда Рим папасының инаугурациясы басталды

фото: Instagram/pontifex

ERNUR.KZ. Ватиканда бүгін, 2025 жылдың 18 мамырында Рим папасы XIV Лео понтификтің инаугурациясы басталды, деп жазады zakon.kz.

Әулие Петр соборының жер астындағы ғибадатханасы - Мәсіхтің жердегі елшісі, бірінші Рим папасының қабірі басында рәсім басталмас бұрын XIV Лео Әулие Петр алаңы мен жақын маңдағы Кончилиацион көшесі бойымен төбесі ашық көлікпен жүріп өтті.

Рим билігінің алдын-ала есептеулеріне сәйкес, алаңға жиналған туристер мен жергілікті тұрғындар саны 250 мың адамға жетуі мүмкін.

Алаңға 150-ден астам делегация жиналған. Ең көбісі – итальяндықтар. Понтифик көптеген жылдар бойы Перуде миссионер болып әрі АҚШ азаматтығын алған. Оның туған жері Құрама Штаттары болып табылады.

Рәсімнің басты оқиғасы XIV Леоға Папа билігінің рәміздерін табыстау болды: балықшы сақинасы мен паллия – кресттермен кестеленген мойынға тағатын лента.

2025 жылдың 8 мамырында америкалық Роберт Прево жаңа Рим Папасы болып сайланғаны белгілі болды. Ол - католик шіркеуінің тарихындағы АҚШ-тан шыққан алғашқы понтифик. Алдыңғы Рим Папасы Франциск 2025 жылы 21 сәуірде қайтыс болды. Ол 88 жаста еді.