Ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді (видео)

0
209

Ұшақ кері қозғалыс кезінде әуежайдың жердегі қызметкерін қағып кеткен.


Ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Канадада ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді. Оқиға Монреаль әуежайында Парижге ұшатын ұшақтың ұшуға дайындығы кезінде болған, деп жазады stan.kz.

Басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамыз кешке Монреальдағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы халықаралық әуежайда болған. Ұшақ French Bee әуе компаниясына тиесілі.

Ұшақ кері қозғалыс кезінде әуежайдың жердегі қызметкерін қағып кеткен. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан ұшақ дөңгелегінің жанында жатқан қызметкерді байқауға болады.

Оқиғадан кейін әуежайға жедел қызметтер шақырылып, зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек әуежай қызметкерінің көз жұмғаны белгілі болды.

Оқиғаға байланысты тергеу Канаданың жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрлігіне (ESDC) тапсырылды.