Себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу әрекеті сәтсіз аяқталды.
фото: РИА Новости
ERNUR.KZ. Ұлыбритания мен Еуроодақ Украинаға әскер жіберу жоспарын кейінге қалдырды, деп жазады sputnik.kz.
"Ұлыбритания мен Еуропа Украинаға мыңдаған әскерді орналастыру жоспарын кейінге қалдырды. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу әрекеті сәтсіз аяқталды. Мүдделілер коалициясы алдағы талқылауларды Киевті қолдауға бағыттайды", - деп жазылған хабарламада.
"Мүдделілер коалициясының" келесі отырысы 10 шілдеде бейнеконференция арқылы өтеді және оған Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Лондонда сапармен жүрген Франция президенті Эммануэль Макрон төрағалық етеді.
27 наурызда өткен Париждегі коалиция саммитінен кейін Франция президенті Эммануэль Макрон коалицияның бірқатар өкілі Украинаға "тежеу күштерін" жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға шетелдік бітімгершілік күштерін орналастыру мәселесінде Ресеймен ымыраға келу мүмкін емес екенін айтты.