Аляскада 15 тамызда Ресейдің Украинаға толық ауқымды шабуылынан кейінгі АҚШ пен Ресей президенттерінің алғашқы кездесуі өтеді.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Аляскаға сапарының кестесін жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
Кестеге сәйкес, БАҚ хабарлағандай, Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі 15 тамызда жергілікті уақытпен сағат 11:00-де (Астана уақытымен 00:00) басталуы керек.
Аляскада 15 тамызда Ресейдің Украинаға толық ауқымды шабуылынан кейінгі АҚШ пен Ресей президенттерінің алғашқы кездесуі өтеді. Трамп пен Путин саммитті Анкоридждегі Элмендорф-Ричардсон АҚШ Әуе күштері әскери базасында өткізеді.
Ресей лидері көмекшісі Юрий Ушаковтың мәліметінше, келіссөздер аудармашылар қатысатын Трамп пен Путиннің жеке кездесуінен басталады. Содан кейін келіссөздер делегациялар форматында жалғасып, соңында жұмыс таңғы асы өтеді.
Ресей делегациясына мыналар кіреді: сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Юрий Ушаков, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов және Ресей президентінің шетелдік инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев.
Келіссөздер аяқталған соң президенттер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді. Негізгі тақырып – "Украинадағы жағдайды реттеу", соның ішінде 6 тамыздағы Кремльдегі АҚШ арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысқан талқылаулардың нәтижелері ескеріледі.
Сондай-ақ, келіссөздерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде сауда-экономикалық сала мәселелері де қарастырылуы мүмкін.