Төрт баласын өзенге ағызып жіберген: Тәжікстанда 27 жастағы келіншек ұсталды

0
121

​Ең кіші баласы - 2 айлық.


Төрт баласын өзенге ағызып жіберген: Тәжікстанда 27 жастағы келіншек ұсталды

Фото: asiaplustj

ERNUR.KZ. Тәжікстанда 4 баласын өзенге ағызып өлтірген әйел ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті ақпарат көздерінің жазуынша, Фархор ауданында 27 жастағы келіншек 4 сәбиімен бірге өзенге секіріп кеткен. Оқиға 30 маусымға қараған түні болған.

Мадина Халимова деген келіншек күйеуінің екінші әйелі барын естіп, кек алмақ мақсатпен, балалары мен өзін өлімге қимақ болады. Алайда өзенге құлаған ол тірі қалды. Әйел 3 қызы мен бір ұлын суға ағызып жіберді. Үлкен қызының жасы - бесте, ең кішісінің дүниеге келгеніне екі ай ғана болған.

«Әйел адам әуелі екі баласын суға лақтырған, кейін тағы екі сәбиді тастап жіберіп, артынан өзі секірген. Кейін судан жүзіп шыққан, ал балалар батып кеткен», - делінген төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың хабарламасында.

Халимованың күйеуі Кудратулло Шарифов екінші әйел алғаны туралы сөздің жалған екенін айтқан. Оның сөзінше, жұбайы екеуінің арасы жақсы. Ерлі-зайыптылардың арасында өлім түні ешқандай жанжал болмаған. Ер адам келесі күні таңертең оянғанда әйелі мен балаларын үйден таппай, іздей бастаған. Сол кезде Кудратулло жұбайының жазған хаттарын тауып алған.

«Латофаттың әкесі, мені кешір. Мен саған жақсы жар бола алмадым, саған қызмет ете алмадым», - деп жазылған екен хатта.

Кудратулло Шарифов хатты оқығаннан кейін көшеге шығып, әйелінің жақындары мен туыстарына хабарлаған, содан кейін оларды іздеуге кіріскен. Кейін полицияға барып, арыз жазған.

«Полицияда жүргенімде ағам хабарласып, әйелімді тапқандарын айтты. Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына бардық. Сол жерде әйелім түнде екі ірі денелі ер адам келіп, «балаларды өзенге таста деді» деп айтты. Бұрын да сандырақтап сөйлейтіні бар еді. Ағасы да өзіне қол жұмсап, қайтыс болған», - деді Кудратулло Шарифов.

Оның ойынша, әйелінің психикалық денсаулығында ауытқу бар.

Келіншек тете өскен балалары Латофат, Зайнаб, Йосамин және екі айлық Мұхаммадты өлтірген. Әйелге қатысты «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.