Тағы бір ғаламшарда тіршілік пайда болуы мүмкін

0
110

Бұл жорамал "Кассини" ғарыш аппаратының 2008 жылы серіктің оңтүстік полюсіндегі гейзерлерден мұз кристалдарын жинап алған деректеріне сүйеніп айтылған.


Тағы бір ғаламшарда тіршілік пайда болуы мүмкін

Фото: swissinfo

ERNUR.KZ. Мұнан бөлек, Еуропалық ғарыш агенттігі Сатурнның серігі Энцеладта өмір сүруге қажетті барлық мүмкіндік бар екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

– Бұдан былай Энцелад тіршілікті қолдай алатын әлем ретінде қарастырылуы үшін барлық талапқа жауап береді, – дейді зерттеу жетекшісі, Берлин еркін университетінің профессоры Нозаир Хаваджа.

Оның сөзінше, Энцеладта өмірдің жоқтығының өзі үлкен жаңалық саналады.

– Мұндайда "барлық қолайлы жағдай бола тұра, неге тіршілік пайда болмады?" деген сұрақ туындайды, – деп нақтылай түсті ғалым.

Диаметрі жобамен 500 шақырымды құрайтын Энцеладтың бетін мұзды қабық жапқан, ал оның астында сұйық судан тұратын мұхит та бар. Гейзерлер суды ғарышқа атқылап, оның бір бөлігі Сатурнның сақинасын құрайды.

Жаңа деректер органикалық заттардың Күн сәулесінің әсерінен емес, дәл осы мұхиттың қойнауында түзілетінін көрсеткен. Бұл жерде биологиялық тұрғыдан маңызды процестер жүруі ықтимал деген болжамның шеті шығады.

Алдағы уақытта Еуропалық ғарыш агенттігі Энцеладқа арнайы миссия жоспарлаған. Экспедиция серіктің шлейфтерінен мұз үлгілерін жинап, алғаш рет оның бетіне қонуға талпынады.

Бірнеше күн бұрын Ай бетінде адамдар қоныстайтын ауыл пайда болатынын жазған едік.