Табиғаттың тосынсыйы: Жаңа Зеландияға қалың қар жауды

0
245

Данидин қаласын қалың қар жапса, Крайстчерч қаласындағы Порт-Хиллс жотасы ақ көрпеге оранды.


Табиғаттың тосынсыйы: Жаңа Зеландияға қалың қар жауды

Фото: The Guardian

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландияның бірқатар өңірінде күн күрт суытып, аяз күшейді. Елдің Оңтүстік аралының таулы жерлері мен жоталарын қар басты, деп жазады inform.kz.

Данидин қаласын қалың қар жапса, Крайстчерч қаласындағы Порт-Хиллс жотасы ақ көрпеге оранды. Суық ауа райы қар аралас жаңбыр, бұршақ және қатты мұздай желмен қатар жүріп жатыр.

Веллингтон мен елдің тағы бірнеше өңірінде де ауа райы күрт суытып, қолайсыз жағдай қалыптасты.

Жаңа Зеландияның метеорологиялық қызметі түнде ауа температурасы одан әрі төмендейтінін ескертті. Соның салдарынан қатты үсік болып, жолдарда көктайғақтың пайда болу қаупі жоғары.


Бұған дейін «Эль-Ниньо» құбылысы 2026 жылдың тамыз-қазан айларында күшейіп, әлемнің көптеген өңірінде ауа температурасының қалыпты деңгейден жоғарылауына және жауын-шашын тәртібінің айтарлықтай өзгеруіне әкелуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.