Солтүстік полюстегі ғылыми экспедицияға 22 елдің оқушылары аттанды

0
151

Экспедицияға Үндістан, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттерден келген 14–16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып жатыр.


Солтүстік полюстегі ғылыми экспедицияға 22 елдің оқушылары аттанды

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Мурманскіде «Білім мұзжарғышы» халықаралық ғылыми-білім беру экспедициясы басталды. 22 елден келген жасөспірімдер Арктикада 10 күн болып, ғалымдардың жұмысымен танысады. Ғылыми зерттеулерге қатысып, географиялық Солтүстік полюске барады, деп жазады inform.kz.

Экспедицияға Үндістан, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттерден келген 14–16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып жатыр.

Қатысушылар Мурманскіден атомдық мұзжарғыш кемемен Жер шарындағы жетуі қиын аймақтардың бірі — Солтүстік полюске жол тартты. Сапар барысында олар үшін жаратылыстану ғылымдары мен Арктиканы зерттеуге арналған арнайы білім беру бағдарламасы ұйымдастырылған.

Бұған дейін әрбір ел ұлттық іріктеу қорытындысы бойынша өз өкілін анықтаған болатын.

— Алдымызда Солтүстік полюске дейінгі он күндік сапар тұр. Біз әлемде осы нүктеге жете алған санаулы адамдардың қатарына қосыламыз, — деді үндістандық қатысушы Лаки Рават.

Ұйымдастырушылар бұл жоба оқушылардың ғылымға, технологияларға және экологиялық зерттеулерге қызығушылығын арттырады деп сенеді.