​Сингапур 12-рет әлемдегі ең қауіпсіз ел атанды

0
98

2024 жылы сингапурлықтардың 98 пайызы түнде жалғыз серуендеген кезде өздерін қауіпсіз сезінетіндерін айтқан.


​Сингапур 12-рет әлемдегі ең қауіпсіз ел атанды

Фото: Синьхуа

ERNUR.KZ. Сингапур 2006 жылдан бері 12-ші рет жаһандық қауіпсіздік рейтингінде I орынды иеленді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған Гэллап институтының Жаһандық қауіпсіздік есебінде көрсетілген.

2024 жылы сингапурлықтардың 98 пайызы түнде жалғыз серуендеген кезде өздерін қауіпсіз сезінетіндерін айтқан. Бұл — Гэллап институты тіркеген әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Есепте Сингапур тұрғындарының қауіпсіздік сезімі бойынша тұрақты жоғары деңгей сақталып келе жатқаны атап өтілген.
Сауалнама нәтижесінде ерлер мен әйелдердің қауіпсіздік сезімі бірдей деңгейде екені байқалды: 2024 жылы ер азаматтардың 98 пайызы, ал әйелдердің 97 пайызы өздерін қауіпсіз сезінген.
Есепте бұл көрсеткіштер қылмыстың төмен деңгейімен, құқық қорғау органдарының тиімді жұмысымен және қоғамдық тәртіптің жоғары болуымен түсіндіріледі.
Бұдан бұрын Julius Baer банкінің 2025 жылғы байлық пен өмір салты туралы баяндамасына сәйкес, Сингапур үшінші жыл қатарынан әл-ауқаттылар үшін өмір сүру құны ең қымбат қала ретінде танылды.
Айта кетейік, былтыр Сенат Сингапурмен арадағы алыс-берістің баж салығын жеңілдететін заңды мақұлдады.