Швецияда балаларының тісін тазаламаған ата-аналар сотталады

0
251

Дженс Лапидустың айтуынша, ата-аналардың мұндай әрекетін "ауыр шабуыл" деп санауға болады.


Швецияда балаларының тісін тазаламаған ата-аналар сотталады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Швецияда екі ата-анаға балаларының тісінің саулығына немқұрайлы қарағаны үшін айып тағылды. Олар түрмеге жабылуы мүмкін, деп жазады stan.kz.

Оқиға туралы 20 мамырда белгілі болды. Бұрын адвокат болған Дженс Лапидустың айтуынша, ата-аналардың мұндай әрекетін "ауыр шабуыл" деп санауға болады.

"Балалардың тістерін тазаламай, зиян тағам бергендіктен, олардың тістеріне қатты ауырсыну мен зақым келеді. Кей жағдайда бұл тіпті тұрақты түрде болуы мүмкін. Сондықтан бұл ауыр шабуыл ретінде есептелуі мүмкін", - деді ол.

Елде мынадай жағдай болды. Үш баланың тістері мүлде қараусыз қалған. Айыптау актісіне сәйкес, ата-аналар балаларының тістерін тазаламаған және қажет болған кездің өзінде оларды тіс дәрігеріне апармаған. Салдарынан қатты кариес түскен баланың сегіз тісі анестезиямен жұлынған. Тағы екі баланың тістерін төрт-төрттен жұлуға тура келген. Тістері ауырған балалардың жасы көрсетілмеген.

Ата-аналарға қатысты сот процесі өткен аптада басталды. Лапидустың пікірінше, оларға, немқұрайлылық танытқаны үшін жазадан құтылу қиын болады. Себебі ата-ана осылайша баласына зиян тигізіп отыр. Адвокат Швеция заңнамасы әдетте мұндай әрекетсіздік үшін жазаламайтынын жеткізді. Алайда адамға зиян келген болса жағдай басқаша қаралады.