Жаңа көмек пакеті қыс алдында Украинаның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған
фото:РИА Новости
ERNUR.KZ. Швеция қыс алдында Украинаның қажеттіліктерін өтеу үшін 116 миллион доллар бөліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Көмек пакетінің жалпы сомасы 1,1 миллиард кронды (шамамен 116 миллион доллар – ред.) құрайды", - делінген мәлімдемеде.
Министрліктің мәліметінше, жаңа көмек пакеті қыс алдында Украинаның қажеттіліктерін, атап айтқанда, энергиямен жабдықтау, инфрақұрылымды жөндеу және қалпына келтіру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.
Қараша айының басында украиналық "Экономическая правда" басылымы үкімет өкіліне сілтеме жасай отырып, Украина бірнеше күн ішінде 1 гигаватт электр энергиясын жоғалтқанын, электр қуатының үзілуі 12 сағаттан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін хабарлады.


