Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, демалушылар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді.
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park ойын-сауық саябағында «360 градус» аттракционы сынып кетіп, кем дегенде 23 адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.
Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, демалушылар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді. Құлау кезінде адамдардың қорқыныштан айқайлаған дауысы естіледі.
سقوط إحدى ألعاب الملاهي في منتزه الجبل الأخضر بمنطقة #الهدا في #الطائف وأسفر الحادث عن 23 إصابة، بينها 3 حالات خطيرة. pic.twitter.com/7F4ToulJRx
— مجتمعنا (@KSASociety) July" class="redactor-linkify-object">https://twitter.com/KSASociety/status/195067713982... 30, 2025
Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге анықталып жатыр.
pic.twitter.com/mW9GZoPGcw
— محمد (@mohmad50555) July" class="redactor-linkify-object">https://twitter.com/mohmad50555/status/19507008745... 30, 2025