Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Ресейлік туроператорлар Ауғанстанға ұйымдасқан сапарларды бастағалы жатыр, деп жазады Stan.kz.
Алғашқы топ — Мәскеу, Татарстан және Башқұртстаннан жиналған 10 ер адам — тамыз айында Кандагар қаласына аттанбақ.
Бұл бастама Ресейдің Ауғанстандағы Ислам Әмірлігін ресми түрде мойындауынан кейін қолға алынған. Бұған дейін Ресей Жоғарғы соты "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастаған соң, кәсіпкер Анатолий Аронов "Талибан Тур" атты сауда белгісін тіркеуге өтініш берген.
Ароновтың айтуынша, алғашқы туристік сапардың бағасы шамамен 1,5 мың доллар болады. Алдағы уақытта ол Кандагарға 3-5 адамнан құралған топтарды жіберуді жоспарлап отыр. Турдың ұзақтығы — екі апта, ал қатысушыларға ауған мәдениетіне толық бойлау уәде етіледі.
Сонымен қатар тағы екі туристік компания өздерінің Ауғанстанға сапар бағдарламаларын әзірлеп жатқанын растады. Олардың айтуынша, мұндай турлардың құны 3 мыңнан 5 мың АҚШ долларынан асады. Мұндай жоғары баға қауіпсіздік шараларының күшейтілуімен байланысты. Кейбір агенттіктер турларды сату осы күзде басталады деп жоспарлап отыр.