Ресейдің симфониялық оркестр музыканттары Ираннан эвакуацияланды

0
154

Бұл туралы Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова мәлімдеді.


Ресейдің симфониялық оркестр музыканттары Ираннан эвакуацияланды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Ресейдің Үлкен симфониялық оркестрінің музыканттары Ираннан эвакуацияланды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова мәлімдеді.

"Бүгін Петр Ильич Чайковский атындағы Үлкен симфониялық оркестрдің музыканттары Әзербайжан шекарасынан өтті. Кеше дәл осы бағытпен Федор Бондарчуктың түсірілім тобы Ираннан шыққан еді", – деп жазды министр 15 маусым күні.

Бұған дейін "Трудно быть богом" атты сериалдың 86 адамнан тұратын түсірілім тобы да Ираннан Әзербайжанға эвакуацияланып, одан әрі Ресейге қайтарылған болатын. Ольга Любимова аталған елдердің билігіне жедел әрі үйлесімді әрекеті үшін алғыс білдірді.

Осындай күрделі жағдайда көрсетілген көмекке ризашылық ретінде Бакуде концерт өткізу туралы шешім қабылданды. Ол бүгін, 16 маусымда, Әзербайжан мемлекеттік филармониясында өтеді.

Осылайша, Ираннан барлық ресейлік әртістер эвакуацияланды.