Ресейде коронавирустың жаңа штамы анықталды

0
181

​Инфекцияның бұл түрі балалар арасында жылдам таралып жатыр.


Ресейде коронавирустың жаңа штамы анықталды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ресейде бұрыннан бар «Стратус» коронавирусының жаңа штамы пайда болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Джордж Мейсон университетінің зерттеушілері келтірген мәліметке қарағанда ауру белгілері әсіресе кәмелетке толмағандар арасында өршіп тұр.

«Стратус вирусының клиникалық көріністері Омикрон жұқпасына ұқсас. Жұқтырған адам алдымен өзін әлсіз сезінеді. Кейін мұрнынан су ағып, жөтеліп, температурасы көтеріледі», - деп хабарлады телеарна.

Қазір кесел Ресейдің 13 аймағында тіркелді. Оның белгілері 114 адамнан анықталған. Әсіресе Мәскеуде жұқтырғандар көп.

Эпидемиологтардың айтуынша, вирус адамнан адамға тез жұғады. Алайда жаппай вакцинациялау әзірге жоспарланбаған.

Еске сала кетейік, мамырда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

«2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркелуде», - деп жазылған хабарламада.

Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон штамы айналымда жүр.

Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді.