Ресей ЕАЭО елдеріне 1 млн рубльден астам қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

0
116

Құжат 2026 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған күннен бастап күшіне енді.


Ресей ЕАЭО елдеріне 1 млн рубльден астам қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, сондай-ақ Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанға 1 млн рубльден астам қолма-қол ақша шығаруына тыйым салатын жарлыққақол қойды, деп жазады baq.kz.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін аталған елдерге қолма-қол рубль шығаруға сомасына қарамастан тыйым салынады.

Сонымен бірге жарлықта бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, қолма-қол рубльді белгілі бір халықаралық әуежайлар арқылы банктік шоттан немесе салымнан ақша алынғанын растайтын банк көшірмесі немесе үкімет белгілейтін өзге де құжаттар болған жағдайда шығаруға рұқсат етіледі.

Халықаралық тасымалдаумен айналысатын заңды тұлғаларға да жеке ерекшелік қарастырылған. Бұл жағдайда жөнелту және межелі пункттер Ресей аумағынан тыс жерде болуы тиіс.

Сондай-ақ шектеулер Ресейдің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері және шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін қолма-қол рубль шығаруға қолданылмайды.

Тыйым бұзылған жағдайда жеке тұлғалардан 1 млн рубльден асатын сома тәркіленеді. Ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден шығарылып жатқан қолма-қол ресейлік валютаның барлығы алынады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап, жеке тұлғаларға ЕАЭО елдеріне 100 мың АҚШ долларына баламадан асатын көлемдеқолма-қол рубль шығаруға тыйым салынған болатын. Белгіленген шектен асатын соманы қажетті құжаттар болған жағдайда белгілі бір халықаралық әуежайлар арқылы шығаруға мүмкіндік берілген.

Еске салайық, ЕАЭО құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейкіреді. Жаңа жарлық жеке тұлғалар үшін қолма-қол ақша шығару лимитін 1 млн рубльге дейін төмендетіп, шектеулерді Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанға да таратты.

Құжат 2026 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған күннен бастап күшіне енді.